Юлия Путинцева Қазақстанды Billie Jean King Cup финалына шығарды

Юлия Путинцева, теннис
Фото: НОК РК

Қазақстан әйелдер теннис құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды CMN.KZ

Канада құрамасына қарсы кездесуде шешуші ұпайды Юлия Путинцева әкелді.

Қазақстандық теннисші US Open турнирінің бұрынғы чемпионы Бьянка Андреескуді жеңіп, тарихи матч өткізді. Кездесу есебі – 7:6 (7:5), 3:6, 7:6 (7:4).

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, матч 3 сағат 39 минутқа созылып, екі спортшы үшін де мансаптағы ең ұзақ ойын болған.

Бьянка Андрееску кортқа жұптық кездесуден кейін бірден шыққанымен, қарсыласқа мықты қарсылық көрсетті. Ойын төзімділікке құрылған нағыз тартысты бәсекеге айналды.

Шешуші сәттерде Путинцева ерік-жігер мен физикалық төзімділігін көрсетіп, жанкүйерлердің қолдауымен жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Канадаға қарсы кездесуде мерзімінен бұрын жалпы жеңісті қамтамасыз етті.

Енді ұлттық құрама жылдың басты додасына дайындалады. Billie Jean King Cup финалдық кезеңі 2026 жылдың күзінде Қытайда өтеді.

Қазақстан – Канада (3:1):

  • Юлия Путинцева – Кайла Кросс – 6:3, 7:5;
  • Соня Жиенбаева – Бьянка Андрееску – 4:6, 6:7;
  • Анна Данилина / Жібек Құламбаева – Бьянка Андрееску / Кайла Кросс – 7:5, 6:1;
  • Юлия Путинцева – Бьянка Андрееску – 7:6, 3:6, 7:6.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска