Counter-Strike 2 жұлдыздары PGL Astana 2026 турниріне Астанаға келді

Лучшие команды мира по Counter-Strike 2 приехали на турнир в Астану
Фото: Айерке Кабди

Ойыншылар тоқтаған қонақүйлердің маңына кумирлерін көру үшін жасөспірімдер жиналып жатыр, деп хабарлайды CMN.KZ

PGL Astana 2026 турнирінің қатысушылары ірі киберспорттық жарыс басталар алдында елордаға келіп болды.

Қаладағы қонақүйлердің бірінің маңына танымал ойыншыларды көруге үміттенген ондаған бала мен жасөспірім жиналған. Куәгерлердің айтуынша, жанкүйерлерді кіреберістен полиция қызметкерлері мен күзетшілер таратуға мәжбүр болған.

Жанкүйерлердің ерекше назарын Team Falcons ойыншысы Максим Лукин және Team Spirit өкілі Андрей Татаринович аударды.

Бұған дейін елордаға құрамында қазақстандық ойыншы Данил Голубенко өнер көрсететін FURIA командасы да келген еді.

Еске салайық, PGL Astana 2026 турнирі 9 мамырда басталды. Ал плей-офф матчтары 15–17 мамыр аралығында Barys Arena аренасында өтеді.

Турнирге әлемнің 16 үздік командасы қатысады. Олардың қатарында MOUZ, G2 Esports, Aurora, PARIVISION, The MongolZ және HEROIC бар.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска