Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекелері күндері Астанадағы ат қораларды аралап, өзіне сыйға берілген жылқыларды көріп қайтты, деп хабарлайды CMN.KZ
Бір жыл бұрын Астанада ахалтеке тұқымды бие дүниеге келген. Президент оған Ақжан деген есім берген. Бұл жылқының ерекшелігі – изабелла түсті сирек реңі, яғни ақшыл-қызғылт реңктердің үйлесімі.
Сондай-ақ жарты жыл бұрын табынды булан түсті ахалтеке тұқымды Ақниет есімді бие толықтырған. Ол да қазақстандық жылқы шаруашылығын халықаралық деңгейде таныта алатын ерекше тұлпар ретінде сипатталып отыр.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары сыйға берілген жылқыларға уақыт бөліп, оларды өз қолымен жемдеген. Соңғы сыйлықтардың қатарында – Катардан әкелінген төрт араб сәйгүлігі бар.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз