Елена Рыбакина маусымдағы жеңістер саны бойынша көш бастады, Янник Синнерді басып озды

Елена Рыбакина
Фото: Федерация тенниса Казахстана

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік маусымда жеңістер саны бойынша көш бастады. Ол ерлер рейтингінің көшбасшысы Янник Синнер-ді басып озды, деп хабарлайды CMN.KZ

2026 жылы WTA рейтингінде екінші орында тұрған Рыбакина 27 жеңіске жетіп, бұл көрсеткіш бойынша WTA және ATP турларының барлық ойыншылары арасында үздік атанды. Осылайша, ол осы маусымда 26 матчта жеңіске жеткен Синнерден озып кетті

Қазақстандық спортшының кезекті жетістігі Мадридте өткен «Мастерс» турнирінде тіркелді. Үшінші айналымда Рыбакина Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, жарыстың 1/8 финалына шықты

Ширек финалға шығу үшін Рыбакина Анастасия Потапова мен Елена Остапенко арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды

Маусым басындағы сәтті өнер көрсетуі Рыбакинаның әлемдік теннистегі позициясын нығайтып, оны ірі турнирлердің басты фавориттерінің бірі ретінде көрсетіп отыр

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска