Ақтаудағы оқу-жаттығуда сарбаз қаза тапты: іс сотқа жіберілді

Солдаты, строй, военные
Фото: Минобороны

Әскери бөлім командирі салғырттық жасады деп айыпталуда. Қайғылы оқиғадан кейін тағы үш әскери қызметкер қызметінен босатылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Тергеу мәліметінше, Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің командирі жеке құрамды бақылауды және қарумен жұмыс істеу тәртібін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген. Прокуратура мұның қайғылы жағдайға әкелгенін айтады.

«Әскери прокурорлардың үздіксіз қадағалауы және жедел-тергеу тобының үйлестірілген жұмысының арқасында қысқа мерзімде жеткілікті дәлелдер базасы қалыптастырылып, қажетті сот сараптамалары жүргізілді», – деп хабарлады Бас әскери прокуратура.

Сарбаз қаза тапқаннан кейін барлау-шабуылдау батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды. Тағы 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска