Мобильді телефондарды енді мемлекет өзі тексереді

Школьники смогут использовать телефоны на уроках – норма не войдет в Цифровой кодекс
фото: pixabay

Қазақстанда заңсыз әкелінген телефондарға қарсы күрес жалғасады, бірақ енді оған жеке компаниялар емес, мемлекет жауап береді, деп хабарлайды CMN.KZ

Құрылғыларды тексерумен Мемлекеттік радиожиілік қызметі айналысады. Бұл жүйе телефонның елге заңды түрде әкелінгенін және оны байланыс желілерінде пайдалануға болатынын анықтауға көмектеседі.

Билік өкілдерінің пікірінше, бұл сатып алушыларға телефондар туралы түсінікті әрі сенімді ақпарат алуға, ал бизнеске тең жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Бұл шара тұтынушыларға сатып алынған құрылғылардың түпнұсқалығы мен сапасына кепілдік береді, қоғамдық және жеке қауіпсіздікті арттырады, бизнес үшін адал бәсекелестік пен ашық баға қалыптастыруға жағдай жасайды. Ал мемлекет үшін кедендік бақылауды күшейтіп, ұялы телефон ұрлығының санын азайтуға көмектеседі», – делінген хабарламада.

Заң жобасында телефон алаяқтығына және байланыс желілерін заңсыз пайдалануға қарсы шаралар да қарастырылған. Құжатты Мәжіліс мақұлдады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска