Алматы қаласында екі мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қайтыс болды. Жасөспірімдер ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға Алатау ауданында болған. Қайтыс болғандардың бірінің анасы Айгерім Тәуәлікелова КТК арнасына берген сұхбатында ұлына жанжалға қатысуға досы хабарласқанын айтқан.
«Онда шамамен 10 шақты бала болған. Жанжал басталып кетті. Бірі Ешімді жүрек тұсынан пышақтады. Менің балам ашуланып, оның артынан жүгірген, сол жерде оны да өлтірді», – деді марқұмның анасы.
Пышақ салды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.
Полицияның мәліметінше, қылмысқа қатысқан өзге тұлғалардың әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз