Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы америкалық әншінің әніне көрсетілім бағдарламасын орындап, оның әйгілі қимылын қайталады, деп хабарлайды CMN.KZ
Михаил Шайдоров мұз үстінде Michael Jackson әні Billie Jean әуенімен билеп, әншінің әйгілі «ай жүрісін» көрсетті. Видео чемпионның TikTok пен Instagram парақшаларында жарияланды. Ролик жанкүйерлер арасында тез тарады.
Еске салайық, бұған дейін Шайдоров сүйіктісімен бірге Мальдив аралдарында демалған еді. Демалыстан түскен әдемі кадрларды гимнаст Айсулу Мұрзағалиева бөлісті. Видеода оның жанында Михаил Шайдоров жүрген: бір роликте жұп жағажайда билесе, тағы бір видео кешкі теңіз жағасында түсірілген.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз