Әлемге танымал әнші Димаш Кудайберген шығармашылық жолында жаңа кезеңді бастады – ол продюсерлікпен айналысуды шешті, деп хабарлайды CMN.KZ
Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Ол Нуржас Садырбаев есімді жас орындаушының продюсері атанды. Нуржас – Hunan TV арнасындағы Voice Beyond Horizon жобасының алғашқы жеңімпазы.
Енді жас әнші Димаштың жетекшілігімен кәсіби шеберлігін шыңдап, халықаралық сахнаға шығуға мүмкіндік алады.
«15 жылға жуық уақыт ішінде мен халықаралық байқаулардан бастап, әлем бойынша жеке концерттерге дейін үлкен жолдан өттім. Енді осы тәжірибеммен бөлісіп, елімізді әлемдік сахналарда таныстыратын жаңа орындаушыларды дайындайтын уақыт келді», – деді Димаш.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз