Әңгіме әртістің «Мне стыдно» шоуында айтқан оқиғасы туралы болып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ
Видео 2025 жылы түсірілгенімен, сол кезде эфирге шықпаған. Оқиға биыл қазақстандық танымал стендап-комик Зарина Байболова түсірілім тобын шошытқан «жұмбақ рэпер-қонақ» туралы айтқаннан кейін қайта талқылана бастады. Оның сөзінше, әртіс күле отырып ықтимал зорлық сипатындағы оқиғаны баяндаған. Бағдарлама жазбасына қатысқан көрермендер рэпердің кім екенін тез анықтап, оның De Lacure екенін жазды. Өнерпаздың шын аты – Ануар Баймұқаев.
Осыдан кейін полиция оқиғаға назар аударып, тексеру бастаған. Белгілі болғандай, шоуда айтылған жағдай 2012 жылы болған.
«Азамат түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. Тексеру барысында ол айтқан оқиғаның әлеуметтік желілерде бұрмаланып түсіндірілгенін мәлімдеді және оның сөзінше, зорлық-зомбылық әрекеттері болмаған. Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылық жасалғанын растайтын объективті деректер анықталған жоқ», – деп хабарлады полиция.
Тексеру шаралары аяқталған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз