"Тенор тартымды болуы керек": аңызға айналған әнші Димаш Құдайберген туралы пікір білдірді

Димаш
Фото: dimashnews.com

Маэстро Пласидо Доминго Будапешттегі концертте қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бір сахнада өнер көрсетіп, оған жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды CMN.KZ

Екі әнші де кештің басты орындаушылары болды. Димаштың ресми сайтының мәліметінше, олар жеке композицияларымен қатар, басқа да танымал әртістер және музыканттармен бірлескен номерлер ұсынған.

«Тенор тартымды, харизмасы бар көшбасшы, жеңімпаз болуы керек. Сенде мұның бәрі бар», – деді Пласидо Доминго қазақстандық әншіге қарата.

Көптен күткен дуэт көрермендерді ерекше әсерге бөледі: «O Sole Mio» шығармасы концерт ішіндегі шағын спектакльге айналды. Димаш тыңдармандарға бала кезінен маэстроның шығармашылығымен таныс екенін айтып, дәл осы тұлғаның әсерімен әнші болғанын жеткізді.

Концерттен кейін Доминго тенор партиясының ең күрделі екенін атап өтті.

«Тенор – ең қиын партия. Ешкімге айтпа, қазір мен баритон сияқты айтып жүрмін», – деп әзілдеді ол.

Сондай-ақ маэстро Димашқа әлемді аралап өнер көрсетуді жалғастыруға кеңес беріп, өз елін де ұмытпау керегін айтты. Оның айтуынша, Будапешттегі Димаштың өнері өте жоғары деңгейде және шын мәнінде керемет болған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска