Жанабыловтар түрмеге отырмайды сот үкімі шықты

приговор
Фото: CMN.kz

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова ісі бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды CMN.KZ

Төреші Адильбек Баймаханов оларды заңсыз кәсіпкерлік және ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныды

«Ерболат Жанабыловты кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, мүлкі тәркіленсін. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес жаза шартты деп есептелсін және осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленсін», – деді төреші

Оған қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақтан ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертілді. Эльмира Толегеноваға қатысты сот басқа шешім қабылдады

«Эльмира Толегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде, бірақ жазаны орындау 2 жылға кейінге қалдырылсын», – делінген үкімде

Сот жеңілдететін жағдай ретінде олардың үш кәмелетке толмаған баласының барын ескерді. Сондай-ақ сот барысында келтірілген залал толық өтелгені анықталды – 247 млн теңгеден астам

Айыпталушылар үкіммен келісті

Адвокат Гаухар Айтжанова талаптар сақталған жағдайда Толегеноваға қатысты жаза кейін толықтай күшін жоюы мүмкін екенін айтты

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска