Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова ісі бойынша сот шешім шығармай, отырысты кейінге қалдырды, деп хабарлайды CMN.KZ
Сотта соңғы сөзін Эльмира Толегенова айтты.
«Біз болған жағдай үшін толық жауапкершілікті түсінеміз. Бұл біз үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Заңды бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Соттан бізге және жұбайыма бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймын», – деді ол.
Сондай-ақ айыпталушы процестік келісім жасау туралы өтініш білдірді.
«Өз құқығымды пайдаланып, сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процестік келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды сұраймын. Оның барлық шарттары мен салдары бізге түсіндірілді», – деп қосты Толегенова.
Істі қарап жатқан судья Әділбек Баймаханов бір сағаттық үзіліс жариялап, сот тергеуін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Ал мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев процестік келісім жасау үшін кінәні толық мойындау қажет екенін атап өтті.
Кейін адвокат Гаухар Айтжанова қорғау тарабына қосымша уақыт қажет екенін мәлімдеді.
Осыған байланысты сот отырысы 27 сәуірге шегерілді.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз