Тұрсын Алагузов бірінші некедегі балаларымен 10 жыл сөйлеспегенін айтты

Турсен Алагузов
Фото: instagram.com/tursen_alaguzov

Қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагузов «Отец» подкастында бірінші некеден туған балаларымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды CMN.KZ

Оның сөзінше, бірінші әйелімен ажырасқаннан кейін ол ұлы мен қызымен шамамен 10 жыл бойы араласпаған. Балалар ата-анасының ажырасуын ауыр қабылдап, әкесімен ұзақ уақыт байланысқа шықпаған.

Кәсіпкер бұл жағдайды түсінетінін және жақын адамдар эмоциясын сыртқа шығаруы қалыпты екенін атап өтті.

«Мен олардың анасын ренжіткенімді түсінемін. Ұлыма “балам, мен сенің әкеңмін, сөйлесейік” деп жазатынмын. Ал ол “сен анамды тастап кеттің, кет” деп жауап беретін. Бірақ бұл оның эмоциясын шығаруы деп ойлаймын», – деді ол.

Алагузовтың айтуынша, балалар қоғам назарынан алшақ болу үшін тіпті тегін өзгерткен.

«Олар анасын қорғады. Ол қиын жағдайда қалды. Балалар танымалдылықтан қашып, бұл оқиғамен байланыстырылмау үшін тегін ауыстырды», – деді кәсіпкер.

Кейінірек, оның айтуынша, балаларымен қарым-қатынасты қалпына келтіруге мүмкіндік туған. Бұл процеске шамамен екі жыл кеткен.

«Өмір жалғасады. Жақын адамдар сөйлесіп, ортақ тіл табуы керек», – деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ ол қызы ана атанғаннан кейін олардың қарым-қатынасы айтарлықтай жақсарғанын айтты. Оның пікірінше, бұл жағдай қызына отбасы құндылықтарын және әкенің рөлін басқаша түсінуге көмектескен.

Алагузов балаларды ажырасуға кінәламайтынын, алайда бұрынғы жұбайының әсері олардың жағдайды қабылдауына ықпал еткенін де атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска