Сенат жануарларға жауапты қарау туралы заң жобасындағы даулы нормаларды қолдамай, оны Мәжіліске қайта қарауға қайтаруды ұсынды. Бұл шешім қазақстандықтардан түскен жүздеген өтініштен кейін қабылданды, деп хабарлайды CMN.KZ
Заң жобасы Сенатта жұмыс тобының бес отырысында талқыланған. Қарау барысында 300-ден астам азаматтық өтініш келіп түсті. Талқылауға депутаттар, мемлекеттік органдар, зооқорғаушылар мен қоғамдық белсенділер қатысты. Негізгі пікірталас қаңғыбас жануарларды реттеу нормаларына қатысты болды.
Ұсынылған өзгерістер қатарында:
– реттеу өкілеттігін мәслихаттар деңгейіне беру
– «эвтаназия» терминінен бас тарту
– қаңғыбас жануарды чипсіз ғана емес, иесіз жануар ретінде тану
Сонымен қатар, жануарды ұстап алғаннан кейін 5 күн ішінде усыптету туралы бірыңғай талаптан бас тарту мәселесі де қарастырылып отыр. Оның орнына өңірлерге өз тәртібі мен мерзімін белгілеу құқығы берілуі мүмкін.
Барлық ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілді. Сенаттың бейінді комитеті заң жобасын Мәжіліске қайта жіберуді ұсынды.
Негізгі мақсат – құжатты қоғамдық пікірді ескере отырып жетілдіру және өңірлер үшін икемдірек ережелер қалыптастыру.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз