Сенат жануарларды эвтаназиялау туралы заңды әзірге қарауға дайын емес

Собака
freepik.com

Сенатта қаңғыбас жануарларды эвтаназиялау туралы заң жобасына әзірге баға беруге дайын емес, құжат енді ғана қарауға түсті, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл туралы Сенат төрағасы Маулен Әшімбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, депутаттар құжатты әлі толық зерделеп үлгермеген, себебі ол комитеттерге жақында ғана жолданған.

«Біз заң жобасын енді ғана алдық, депутаттар оны әлі қарап үлгерген жоқ. Қазір комитеттер арасында бөлініп жатыр, қоғамдық өкілдердің қатысуымен жұмыс топтары аясында талқылау басталады», – деді ол.

Әшімбаев қазіргі таңда пікір білдіруге ерте екенін атап өтті. Оның айтуынша, талқылау әзірге көбіне БАҚ-тағы ақпарат пен мәжіліс депутаттарының мәлімдемелеріне негізделіп отыр.

«Пікір айту үшін заңның өзін, оның нормаларын және халықаралық тәжірибені мұқият зерделеу қажет. Бізге біраз уақыт беріңіздер», – деді спикер.

Оның сөзінше, нақты ұстаным алдағы 7–10 күн ішінде қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар бұл заң тек эвтаназия мәселесін ғана емес, басқа да нормаларды қамтитынын атап өтті.

«Құжатты толық зерттемей тұрып баға бергім келмейді, сенаторлардың ұстанымына әсер еткім жоқ. Барлық тараптың пікірін тыңдап, кейін өз позициямызды білдіреміз», – деп қосты Әшімбаев.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска