Раушан гүлдей: Роза Рымбаева қазақстандық дизайнердің киімдерін киіп подиумға шықты

Раушан гүлдей: Роза Рымбаева қазақстандық дизайнердің киімдерін киіп подиумға шықты

Қазақстандық әнші Роза Рымбаева әлеуметтік желілерде фото мен видеолар жариялап, бұл рөлде алғаш рет өнер көрсеткенін айтты, деп хабарлайды CMN.KZ

Әншінің сөзінше, ол бұрын-соңды подиумға шықпаған.

Сонымен қатар ол қазақстандық дизайнер Аида Кауменова ұсынған топтаманы таныстырып, көрсетілім барысында бірнеше ән орындаған.

68 жастағы өнер иесінің бұл дебютін жанкүйерлер жоғары бағалап, пікірлерде қолдау білдірді. Олар әншінің стилі мен келбетін ерекше атап өтті:

  • Роза Қуанышқызы әрдайым жас көрінеді;
  • Дауысы қайталанбас, концертке барып, сізді тірідей көргіміз келеді;
  • Әрдайым талғаммен, жасына сай киінеді, бірақ өте жас әрі әсем көрінеді.

Жанкүйерлер оны отандық эстраданың нағыз ледиі деп атады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска