Жұманғарин ERG-ті ұлттықтандыру туралы қауесетке пікір білдірді

Заместитель премьера и министр финансов Казахстана войдут в совет директоров ERG
Фото: erg.kz

Үкіметте Eurasian Resources Group компаниясындағы мемлекеттің үлесін арттыру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ERG-ті ұлттықтандыруы мүмкін деген қауесетке түсініктеме берді. Журналистер шенеунікке Financial Times басылымындағы жарияланымды еске салды. Онда акционерлер арасындағы жанжал аясында мемлекет ықпалы күшеюі мүмкін екені айтылған.

Сондай-ақ Жұманғариннен бұған дейін өзі директорлар кеңесінің құрамында болғанын ескеріп, үкімет ERG-тегі үлесін ұлғайтуды жоспарлап отыр ма деген сұрақ қойылды.

«Үкіметтің онда шамамен 40% үлесі бар. Әзірге бұл үлесті көбейтуді жоспарлаған жоқпыз», – деді министр үкімет кулуарында.

Ол компанияның жеке акционерлері арасында қандай да бір елеулі келіспеушіліктер туралы ақпараты жоқ екенін де айтты.

«Сіз айтып отырған дүниелердің бәрін… шынымды айтсам, алғаш рет естіп тұрмын», – деп қосты Жұманғарин.

Министр қазір Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің құрамында жоқ екенін, сондықтан компанияның ішкі процестеріне қатысты пікір айта алмайтынын атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска