Жетісу облысында жоғалған зейнеткер Талдықорғаннан 15 шақырым жерден табылды

Нашли мужчину
Фото: ДЧС области Жетысу

Жетісу облысында жоғалған зейнеткер Талдықорғаннан 15 шақырым жерден аман-есен табылды, хабарлайды CMN.KZ

1952 жылы туған ер адам үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол бір тәуліктен кейін табылды. Жетісу облысында 28 сәуір күні жоғалған азаматты іздеу жұмыстары аяқталды. Іздеу операциясына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылды. Құтқарушылар аумақты тексеріп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданған.

Нәтижесінде ер адам Талдықорған қаласынан шамамен 15 шақырым қашықтықта, "Ұйтас" саяжай қоғамы маңынан табылды. Оны әуеден дрондардың көмегімен анықтаған. Кейін қауіпсіз жерге жеткізілді.

Дәрігерлік көмек қажет болмаған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска