Жағалаудан 400 метр қашықтықта ТЖМ құтқарушылары қайықтағы ер адамды тапты, деп хабарлайды CMN.KZ
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері ер адамды жедел құтқарып, дереу жағаға жеткізді.
«Белгілі болғандай, қайық моторсыз болған. Қатты жел оны жағалаудан алып кеткен. Ер адам өздігінен кері орала алмаған», – деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.
Абырой болғанда, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Ведомство судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды:
- ауа райы болжамын алдын ала тексеру;
- құтқару кеудешелерін пайдалану;
- тек техникалық жарамды жүзу құралдарымен суға шығу;
- қатты жел мен ауа райы нашарлаған кезде суға шықпау.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз