Жалған нөмір таққандарды қамауы мүмкін: ІІМ жазаны күшейтуді қарастырып жатыр

поддельные номера
Фото: Kolesa.kz

15 АЕК көлеміндегі айыппұл депутаттарды қанағаттандырмай отыр. Олар жалған мемлекеттік нөмір қолдануды қылмыстық жауапкершілікке ауыстыруды ұсынып жатыр, деп хабарлайды CMN.KZ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 6 мамырдағы отырыста жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, мұндай заңбұзушылықтар жол апаттарынан кейін жиі анықталып, қоғамға үлкен қауіп төндіреді.

«Ұзақ уақыт бойы көптеген адамдар, соның ішінде ауқатты азаматтар мен олардың балалары жалған нөмір қолданып келгені анықталып жатыр. Бұл тек Алматыда емес, басқа өңірлерде де кездеседі. Қарапайым адамдар зардап шегеді, бюджет қомақты қаржыдан қағылады. 15 АЕК деген не? Айыппұлын төлейді де, мәз болып жүре береді. Ал осы оқиғалардың кесірінен адамдар қаза тапты. Қайталанса – 20 АЕК немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру. Мүмкін жауапкершілікті әкімшілік деңгейден қылмыстық деңгейге көтеретін уақыт келген шығар?», – деді депутат.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл мәселенің өзекті екенін растады. Оның сөзінше, жалған нөмірлер қылмыс жасау кезінде де жиі қолданылады.

«Бізде тиісті талдау бар. Жол-көлік оқиғалары бойынша шынында да жалған нөмірлер қолданылған жағдайлар кездеседі. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жол қозғалысын және жол қауіпсіздігін реттеудің маңызды бөлігі болып саналады», – деді ол.

ІІМ-де жалған құжаттарды қолдану секілді бұл әрекет үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізуді қарастыруға негіз бар деп есептейді. Қазір бұл мәселе жұмысқа алынған. Оны қылмыстық заңнаманы қайта қарау аясында заңгерлермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтайды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска