Уылдырық сатып алу түрмеге апаруы мүмкін: қазақстандықтарға ескерту жасалды

тюрьма
freepik

Қазақстанда бекіре тұқымдас балық пен уылдырықты заңсыз сатып алу, сақтау немесе тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы ескертті.

Ведомство мәліметінше, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларға, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтарға қатысты заңсыз айналым ерекше алаңдаушылық туғызады.

«Талдау көрсеткендей, заңсыз аулау көбіне браконьерлік өнімді сатып алатын азаматтардың сұранысымен байланысты», – делінген хабарламада.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Атырау өңірінде экология саласында 30 құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 11 қылмыстық іс сотқа жолданып, 10 адамға үкім шыққан.

Прокуратура еске салғандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 339 және 339-1-баптарына сәйкес жауапкершілік тек браконьерлерге ғана емес, сонымен қатар:

  • заңсыз сатып алғандарға;

  • сақтағандарға;

  • тасымалдағандарға;

  • сатқандарға да қатысты қолданылады.

2026 жылы Атырау тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның көлігінен 501,9 кг бекіре тұқымдас балық табылған.

Сонымен қатар ол мемлекетке 304 млн теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттелген.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска