Томми Ли Джонстың қызы қонақүйден өлі табылды

томили ли
Фото AP Photo/Invision/Richard Shotwell

АҚШ-та Қара киімді адамдар фильмі арқылы танымал актер Томми Ли Джонстың қызы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Әңгіме 34 жастағы Виктория Джонс жайлы болып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ NBC Bay порталына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, полиция әйел адамның денесін бейсенбі күні таңертең Калифорниядағы қонақүйлердің бірінің дәлізінен тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша, табылған адам Томми Ли Джонстың қызы Виктория болуы мүмкін.

Алайда құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын әзірге ресми түрде растаған жоқ. Қазіргі уақытта сот-медициналық сарапшы жүргізетін тану рәсімінің нәтижелері күтілуде. Сондай-ақ дереккөздер бұл оқиға қылмыс ретінде қарастырылмайтынын хабарлады.

Виктория Томми Ли Джонстың бұрынғы жұбайы Кимберли Клоуглимен некесінде дүниеге келген. Ерлі-зайыптылардың 43 жастағы Остин Джонс есімді ұлы да бар.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска