Техника, ту ұстаған дрондар мен әскери оркестр: Астанада плац-концерт өтті

Плац-концерт
Фото: CMN.KZ

Қазақ елі алаңы алаңында Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және ТЖМ қатысқан ауқымды плац-концерт өтті, деп хабарлайды CMN.KZ

Көрермендерге әскери-патриоттық шоу ұйымдастырылды. Сахнада әскери оркестрлер өнер көрсетіп, қазақ әндері шырқалды. Сондай-ақ салтанатты бөлімшелер саптық дайындық элементтерін паш етті.

Алаңда әскери техника да қойылды. Қала тұрғындары техникалардың ішін көріп, суретке түсе алды.

Көрермендердің ерекше назарын Қазақстан туын алып ұшқан дрондар аударды. Олар алаң үстінде әуеде қалықтап жүрді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска