"Айыппұл төлегеніміз дұрыс болар еді": Жанабыловтар соттан кейін мәлімдеме жасады

Жанабыловы
Фото: CMN.kz

Соттағы жарыссөзден кейін Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова адвокат Гаухар Айтжановамен бірге журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өз ұстанымдарын айтты, деп хабарлайды CMN.KZ

Олардың айтуынша, олар бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға үміттенеді.

«Біз бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймыз. 214-бап бойынша кінәмізді мойындадық. Әкімшілік іс қарау кезеңінде-ақ мәселені реттеп, айыппұл төлеуге дайын болдық», – деді олар.

Айыпталушылар бастапқыда қылмыстық қудалау болады деп ойламағандарын айтады.

«Бізге әкімшілік хаттамаға қол қойғаннан кейін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін айтқан. Егер істің осындай деңгейге жететінін білсек, сол кезде-ақ айыппұл төлеп, мәселені жабар едік. Біз жауапкершіліктен бас тартқан жоқпыз, керісінше хаттаманы заңды тұлғаға рәсімдеуді сұрадық. Өйткені ұйымдастырушы – бизнес болды. Мемлекетке қарсы шығу ниеті болған жоқ», – деп түсіндірді олар.

Жанабыловтар өкініш мәселесіне де тоқталды.

«Біз өкініш білдірмеді деп айтып жатыр. Бірақ оны кім айта алады? Ұзаққа созылған қылмыстық қудалау бізге, отбасымызға, балаларымызға қатты әсер етті. Біз өкініш білдіреміз», – деді олар.

Адвокат Гаухар Айтжанова тергеушінің жала жабу туралы ықтимал жауапкершілікке қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл – қорғау тарапының заңды құқығы және болған жағдайды өз көзқарасымен жеткізу.

Адвокат мұнда қылмыс құрамы жоқ екеніне сенімді және тергеуші мұны түсінуі тиіс екенін атап өтті. Айыпталушылар өз сөздерінің бұрын айтылған ақпаратқа негізделгенін де қосты.

«Біз айтқан пікірлердің бәрі бұрын бізге айтылған мәліметтерге сүйенеді. Біз ештеңе ойдан шығарған жоқпыз», – деді олар.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска