Шымкентте жеке үй аумағында екі жастағы қыз бала 24 метр тереңдіктегі құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға бала ересектердің қарауынсыз қалған кезде болған.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қызды шығару үшін арнайы альпинистік жабдықтарды қолданған.
«Құтқарушылар дереу жетіп, баланы абайлап жоғары көтеріп шығарды», – деп хабарлады ведомство.
Қыз бала кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Оның қазіргі жағдайы әзірге белгісіз, дәрігерлер тексеру жүргізіп жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз