Бот мұсылмандардың діни сұрақтарына жауап беру үшін жасалған, деп хабарлайды CMN.KZ
Сервисті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосты.
«Жаңа Telegram бот Рамазан айында пайдаланушылардың діни сұрақтарына жауап беру үшін арнайы әзірленді, ол шариғат мәселелері бойынша ақпарат беруге және кеңес ұсынуға арналған. Одан бөлек қолданушылар бот арқылы Рамазан кестесін жүктей алады», – деп түсіндірді ҚМДБ.
Әзірлеуді цифрлық даму бөлімінің басшысы Тимур Орынхан Бас мүфтидің төрағалығымен Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқасының отырысында ұсынды.
Бүған дейін Қазақстан мұсылман діни басқармасы 2025 жылы пітір садақа сомасын атады. Қазақстандағы пітір-садақаның мөлшері 2025 жылы ұнның екі килограмм орташа бағасына сүйене отырып, 655 теңгені құрайды.