Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады, деп хабарлайды CMN.KZ
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кәсіпкер және меценат Дулат Тастекеев 10 тамызда туған және ұлы ақынның атымен аталған барлық қазақстандықтарға 180 мың теңге сыйақы беруге уәде берді.
«2025 жылы ұлы қазақ ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Осыған орай, ASSYLTAS қоғамдық қоры биыл Абай жылы деп жариялап, ұлы философтың мұрасын сақтау мақсатында ерекше бастама көтерді», — делінген хабарламада.
Бұған дейін, 22 қазан күні Татарстан астанасы Қазан қаласында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюсті ашылды. Іс-шара Қазақстан президентінің БРИКС мемлекет басшыларының XVI саммитіне қатысу сапары аясында өтті.