Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде Владимир Путинмен кездесті

назарбаев путин
Фото: news_kremlin

Кремльде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі өтті, деп хабарлайды CMN.KZ INTERFAX.RU агенттігіне сілтеме жасап.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет биылғы жылдың мамыр айында кездескен болатын.

Кейінірек Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары жеке сипатта болғанын нақтылады. Оның айтуынша, Путин мен Назарбаевты мемлекеттік қызмет атқарып-атқармауына қарамастан, ұзақ жылдарға созылған достық қарым-қатынас байланыстырады.

Сондай-ақ Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстаннан кеткені және шетелде тұрақты тұратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска