ІІМ-де Нұрай Серікбайды өлтіру ісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын және қазір жәбірленуші тараптың жаңа уәждері мен қосымша нұсқалар тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында Нұрай Серікбай өліміне қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, тергеу органдары белсенді жұмыс жүргізіп, іс бойынша жаңа мән-жайларды тексеріп жатыр.
«Жәбірленуші тарап Нұрай күдіктінің үйіне әкелінген кезде жанында болған адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру туралы уәж айтып отыр. Бұдан бөлек те біз толықтай пысықтап жатқан бірқатар жайт бар», – деді Әділов.
ІІМ өкілдері қазіргі кезеңде барлық нұсқа мен тараптардың уәждерін тексеріп, жан-жақты әрі толық тергеу жүргізу маңызды екенін атап өтті.
Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдарын сотқа жолдау жоспарланып отыр.
Бұған дейін Санжар Әділов бұл іс бойынша күдіктінің есі дұрыс деп танылғанын және заң алдында жауап беретінін хабарлаған еді.
Нұрайдың денесі 11 қаңтар күні кешке Шымкент қаласында көптеген пышақ жарақатымен табылған. Қылмысқа күдікті ретінде 28 жастағы жігіт ұсталды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз