Қазақстанда өндіріс, инфрақұрылым, IT және медицина салаларындағы мамандар үшін арнайы “Altyn visa” бағдарламасы енгізілмек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Жаңа құжат елде жобаларды іске асыратын шетелдік инженерлерге, IT-мамандарға және медицина қызметкерлеріне арналған. Негізгі мақсат – еңбек миграциясын жеңілдетіп, білікті кадрларды тарту.
Аида Балаеваның айтуынша, жаңа тәсіл миграциялық заңнаманы жеңілдетіп, процестерді барынша болжамды әрі ашық етуге бағытталған. Әсіресе сұраныс жоғары мамандар үшін артық бюрократиялық кедергілер жойылады.
«Негізгі мақсат – артық кедергілерсіз жұмыс істеуге және Қазақстанда бейімделуге жағдай жасау», – деді ол.
Жаңа жүйе бойынша көптеген рәсімдер «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырылмақ.
Сонымен қатар шетелдік біліктіліктерді тану тәртібі де жеңілдетіледі. Бұл әсіресе кадр тапшылығы бар және технологиялық тұрғыдан күрделі ңсалалар үшін маңызды болмақ.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз