Қазақстан электр энергиясы тапшылығын сезініп отырған Қырғызстанға көмегін жалғастырады

В Алматы заставили снизить тарифы на электричество для горожан
Фото с сайта Pixabay.com

Бұл туралы Бішкекте төрт елдің салалық министрліктерінің кездесуінде айтылды. Оған Қырғызстан мен Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері де қатысты, деп хабарлайды CMN.KZ

Тараптар вегетациялық кезең қарсаңында Орталық Азияның су-энергетикалық жүйелерінің тұрақты жұмыс режимін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

«Кездесудің маңызды бөлігінің бірі – өңір елдерінің өзара міндеттемелерін талқылау болды. Ведомство басшылары энергожүйелердің тарихи өзара байланысын атап өтті: бір елдегі тұрақсыздық бүкіл макроөңірге әсер етеді», – делінген ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында

Атап айтқанда, қазақстандық тарап электр энергиясы тапшылығын сезініп отырған Қырғызстанның энергожүйесіне практикалық көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін растады

ҚР Энергетика министрі Ерлан Аккенженов 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы сәуірге дейін Қазақстаннан Қырғызстанның энергожүйесіне 1 560 млн кВт/сағ-тан астам электр энергиясы жеткізілгенін хабарлады

«Бұл электр ағындары алдағы жазғы маусымда өңірдің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Тоқтоғұл су қоймасындағы судың қажетті деңгейін сақтауға тікелей ықпал етті», – деп атап өтті министр

Ол барлық тараптар мүдделер теңгерімін сақтау үшін бұрын қол жеткізілген су-энергетикалық келісімдерді қатаң сақтауы тиіс екенін қосты

Әрі қарайғы іс-қимылды үйлестіру мамыр айында Ташкентте және маусымда Бішкекте жоспарланған министрлер кездесулері аясында жалғасады

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска