Вирус өршіген круиздік кеме Канар аралдарындағы Тенерифе аралына келіп тоқтады, деп хабарлайды CMN.KZ
Испанияның денсаулық сақтау министрі Моника Гарсия эвакуация операциясы қалыпты режимде өтіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, MS Hondius кемесіндегі жолаушыларда әзірге ауру белгілері байқалмаған.
Эвакуация барысында жолаушылар азаматтығына қарай бөлінген. Олар аралға жеткізіліп, сол жерден үйлеріне қайтатын ұшақтарға отырғызылады.
Алғаш болып жағаға Испания азаматтары түседі, олардың саны – 14 адам. Одан кейін Нидерланд, Грекия және Германия азаматтары, сондай-ақ экипаж мүшелерінің бір бөлігі эвакуацияланады. Соңғы рейс ертең, дүйсенбі күні жүзеге асады. Ол арқылы жолаушылар Австралияға жеткізіледі.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Andes вирусының кемедегі өршуі коронавирус секілді таралмайтынын мәлімдеген. Ұйым мәліметінше, сегіз адам вирус жұқтырған, олардың үшеуі қайтыс болған. ДДСҰ бұл жаңа пандемия емес екенін атап өтті.
Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл вирус елге қауіп төндірмейтінін хабарлаған еді.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз