ЕО-да "иә – яғни иә" қағидатын енгізу ұсынылды: зорлау ұғымына жаңа тәсіл қаралуда

Ударил из-за телефона: отца из Жамбылской области осудили за насилие над сыном
фото: Freepik

Еуропарламент жыныстық қатынас тек айқын және ерікті келісім болған жағдайда ғана заңды деп танылуы тиіс деген жаңа резолюцияны қолдады, хабарлайды CMN.KZ

Бұл тәсіл бойынша келісімнің болмауы – зорлау ретінде қарастырылады.

Еуропарламент «иә – яғни иә» қағидатын енгізуді ұсынып отыр. Оның мәні – жыныстық қатынасқа келісім нақты, ерікті және айқын түрде берілуі керек. Қысым арқылы алынған келісім жарамсыз деп есептеледі.

«Әйелдерге құрметпен қарайтын қоғам олар қарсылық көрсетті ме деп емес, келісім болды ма деп сұрауы тиіс», – деді Еуропарламент депутаты Анна Штроленберг.

Жаңа тәсіл қазіргі «жоқ – яғни жоқ» моделін алмастыруы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұрынғы жүйе жәбірленушілерді қорғауда әлсіз болған. Қазіргі таңда ЕО-ға мүше 27 елдің 21-інде келісімге негізделген заңдар енгізілген. Дегенмен кейбір мемлекеттерде әлі де зорлық немесе қорқыту фактісін дәлелдеу талап етіледі.

Айта кетейік, бұл резолюция әлі заң күшіне енген жоқ. Оны енді ЕО-ға мүше елдер жеке-жеке қарастырып, бекітуі тиіс.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска