Астанада 28 сәуірден бастап LRT үшін атаулы көлік картасын онлайн рәсімдеуге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды CMN.KZ
Мұндай картаны 7–18 жас аралығындағы оқушылар, сондай-ақ жеңілдік санатына жататын азаматтар ала алады. Ол үшін Астанада тіркеліп, тұрақты тұру қажет
«Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушыларға өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS арқылы хабарланады. Көлік картасын дайындау құны – 1200 теңге», – деп хабарлады City Transportation Systems
Өтінім тек онлайн форматта ресми сайт арқылы қабылданады
Рәсімдеу үшін деректерді толтырып, қажетті құжаттарды цифрлық түрде жүктеп, картаны алатын орынды таңдау керек – ол үшін алты аудандық әкімдіктің бірі ұсынылады
Атаулы көлік картасы тек LRT арқылы жүруге арналған және қалалық немесе қала маңындағы бағыттарда қолданылмайды
Басқа жолаушылар үшін көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін станцияларда қолжетімді болады. Сондай-ақ турникеттерден кассаға бармай өтуге мүмкіндік беретін балама төлем тәсілдері де қарастырылған. Бұл туралы қосымша хабарланады
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз