Астанада қазақ тазысы халықаралық көрмеге қатысты

Тазы
Фото: пресс-служба Минэкологии

Астанада «Kazakh Tazy» монопородалық кинологиялық көрмесі «Astana Winner 2026» аясында өтті, деп хабарлайды CMN.KZ

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік кинологтар қатысты.

CACIB деңгейіндегі бұл көрме халықаралық кинология жүйесіндегі, соның ішінде асыл тұқымды иттерді селекциялау саласындағы маңызды шаралардың бірі болып саналады.

Министрліктің пікірінше, «Kazakh Tazy» монопородалық көрмесінің өткізілуі ұлттық ит тұқымдарын сақтау және дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды қадам.

«Бұл шара аясында “Kazakh Tazy” монопородалық көрмесінің өткізілуі ерекше мәнге ие. Бұл ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақ тазысы – ғасырлар бойы қалыптасқан, қазақ халқының жеті ұлттық құндылығының бірі саналатын бірегей мәдени және тарихи мұра.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска