Антальядағы жол апаты: Түркияда қырғызстандық қаза тапты

На пять лет посадили виновника ДТП в результате которого погибли двое детей
Фото: Freepik

27 жастағы велосипедші Кубат Аманбеков такси көлігінің астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды CMN.KZ IHA агенттігіне сілтеме жасап.

Түрік агенттігінің мәліметінше, апат түнде болған. Қырғызстандық велосипедші Белек жолында келе жатқан кезде көлікпен соқтығысқан.

Соққыдан Кубат Аманбеков жол жиегіне ұшып кеткен. Көптеген жарақат алған ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Такси жүргізушісі полицияға жеткізілді, ал марқұмның денесі сараптамаға жіберілді.

Алғашында БАҚ-та жол апатынан қазақстандық қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Алайда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Кубат Аманбековтің Қырғызстан азаматы екенін нақтылады. Белгілі болғандай, ол қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Қалған мән-жай анықталып жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска