Курты өзенінің жағасындағы демалыс орны қоқысқа толып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған видео қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды CMN.KZ
Алматылықтар бұл жердің қатты ластанғанын Threads-та жарияланған видеодан кейін байқаған.
Видео авторы жағалаудың бөтелке, пакет пен банкаларға толып жатқанын көрсетті. Оның айтуынша, адамдар табиғатқа тамақ пен сусын алып келеді, бірақ артынан жинамай кетеді.
«Ең қызығы – адамдар өзімен бірге толы пакеттерді әкеле алады, бірақ босын алып кетуге шамасы жетпейді. Логика жолда ар-ұятпен бірге қалып қойған сияқты», – деп жазды ол.
Пікірлер екіге бөлінді: біреулер мәселені ақылы кіру мен бақылау арқылы шешуге болады десе, енді біреулер бәрі адамдардың мәдениетіне байланысты екенін айтты.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз