Ақмола облысында табылған қару үшін 300 мың теңге алды

Оружие
Фото: ДП Акмолинской области

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үш тегіс ұңғылы мылтықты тапсырып, шамамен 300 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Бұл туралы CMN.KZ хабарлайды.

Балкашино ауылының тұрғыны бір жыл бұрын сарайды тазалау кезінде үш тегіс ұңғылы ружьені тауып алған. Кейін ол тіркелмеген қаруды сатып алу акциясы туралы білген соң, Сандықтау аудандық полиция бөліміне жүгінген.

«Шынымды айтсам, бұған ақша төлейтінін білгенде таңғалдым. Осындай акцияны күткен едім», – деді жергілікті тұрғын.

Оның айтуынша, әрбір қару үшін шамамен 90 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді.

20 сәуірден бері Ақмола облысында жалпы 34 бірлік тіркелмеген қару тапсырылған. Оның ішінде 2 дана нарезной қару, 30 дана тегіс ұңғылы мылтық және 150 дана оқ-дәрі бар.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска