АЭС құны құпия болуы мүмкін бе? Атом энергиясы агенттігі себебін түсіндірді

Қазақстандағы екінші АЭС: оны қайда салады?
Сурет: freepik.com

Бұған дейін бұл туралы Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов мәлімдеген еді, деп хабарлайды CMN.KZ

АЭС құрылысының құны туралы ақпараттың құпия болуы мүмкін екенін Есимханов үкіметтегі брифингте айтқан.

Кейін бұл мәлімдемеге Қазақстанның атом энергиясы агенттігі түсініктеме берді. Бұл орган атом электр станцияларын салуға тікелей жауапты.

«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі барынша ашықтық ұстанымын қолдайды. АЭС құрылысына қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық дереккөздерде жарияланады. Алайда жобаның технологиялық ерекшеліктері мен ауқымын, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, кейбір мәселелер құпиялылық туралы келісімдер арқылы реттеледі. Осыған байланысты белгілі бір ақпараттың таралуы шектелуі мүмкін», – деп мәлімдеді агенттік.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска