Яна Легкодимованы өлтіргендер колонияға жеткізілді

Яна Легкодимованың ісі аяқталды: айыпталушылар өмір бойына сотталды
Сурет: әлеуметтік желілер

Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойына сотталғаннан кейін колонияға этаппен жіберілді, деп хабарлайды CMN.KZ

Сот үкімі өткен жылдың қарашасында шыққан. Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ақпанда апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Соған қарамастан, олар осы уақытқа дейін Атырау қаласындағы тергеу изоляторында отырған.

20 сәуірде олардың колонияға жіберілгені белгілі болды.

«Сотталғандар заңнамаға сәйкес жазасын өтеу орнына жіберілді», – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Қазақстанда өмір бойына сотталғандар жазасын өтейтін жалғыз мекеме – Қостанай облысындағы № 39 мекеме, ол «Қара бүркіт» атауымен белгілі.

Еске салайық, 23 жастағы Атырау тұрғыны Яна Легкодимова 2024 жылдың күзінде жоғалып кеткен. Кейін оның бұрынғы жігіті мен оның досы қатыгездікпен өлтіргені анықталған.

Қылмысқа себеп – қыз олардың қарым-қатынасы туралы күдіктінің қалыңдығына айтып қояды деген қорқыныш болған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска