Үсік пен найзағай: синоптиктер Қазақстандағы дүйсенбі күнгі ауа райын айтты

Грозы и сильный ветер: какой будет погода в Казахстане с 8 по 10 апреля
Фото: Марии Горбоконенко

20 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды CMN.KZ

Алайда елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады.

«Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Түнде елдің солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының таулы аудандарында және Алматы облысының солтүстігі мен тау бөктерінде -2 градусқа дейін үсік күтіледі.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска