Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдерін зерттеуді қолға алды, деп хабарлайды CMN.KZ.
Бұған дейін Антикор спорт пен медицина саласындағы жемқорлық мәселелерін анықтап, сынға алған болатын. Бұл жолы Комитет индустриясы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және жергілікті әкімдіктердің жұмысы талданады.
Сараптама аясында ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық әрі ішкі нарыққа жылжыту, мемлекеттік бақылау, бюджет жоспарлау және игеру, сондай-ақ субсидиялау мәселелері қарастырылады. Әсіресе, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мен туризмнің стратегиялық маңыздылығы назарда болмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды туризм саласындағы жемқорлық туралы ақпаратпен бөлісуге шақырып, ұсыныстар мен мәліметтерді turehanova.a@antikor.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұрады.
Бұған дейін Антикор спортқа бөлінген 1,4 триллион теңгенің тиімсіз жұмсалғанын анықтап, елдің спорттық нәтижелерінің төмендеуін жемқорлықпен байланыстырған еді.