Ер адам Таиландтан есірткіге тапсырыс берді. Алматы облысындағы поштадан 800 грамм каннабис сығындысы бар сәлемдеме табылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Істі сотқа дейінгі тергеумен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі айналысқан. Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде сәлемдеме 2024 жылдың маусым айында келіп түсті.
Күдікті есірткіге Telegram мессенджері арқылы тапсырыс берді.
«Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды», — деп атап өтті АФМ.
Сот отырысы өтіп, ер адамды 16 жылға бас бостандығынан айырды. Тәркіленген есірткі заттары жойылды.
Жалпы жылдың басынан бері ҚМҚ есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 135 қылмыстық істі тіркеді. 77,1 кг есірткі, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың дана анаболиктер (улы зат) және 1 700-ге жуық «Тропикамид»көз тамшылары тәркіленді.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлы есірткі сату үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның адвокаттары бірінші сатыдағы сот рұқсат етілмеген дәлелдерді пайдаланды деп, апелляцияға шағым берді.