Қазақстандық блогерлер жаппай камералдық бақылау хабарламаларын алды. Салықтық органы 600-ге жуық инфлюенсерлер өз кірістерін 53,3 млрд теңгеге төмендеткені нақтыланды, деп хабарлайды CMN.KZ
Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараты бойынша, мамандар ақпаратты әртүрлі көздерден алынған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстырып, сәйкессіздіктерді анықтады.
«Салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 млрд. теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, нәтижесінде ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді», – деді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Енді блогерлер өз бетінше есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін ұсынуға немесе келіспеген жағдайда түсініктеме беруге міндетті.
Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды, деп атап өтті МКК.
Комитет түрлі интернет-ресурстарда (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, түрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) онлайн-жарнамаларды орналастырудан түсетін кірістерді алу кезінде салық төлеу қажет екенін еске салды. Көрсетілген міндеттемелер Конституциямен және ҚР Салық кодексімен белгіленген.