Көлік жүргізушісі жолда қар тазалайтын көлікті басып озуға тырысты. Қарсы жолақта ол КАМАЗбен соқтығысқан, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға 8 қаңтарда кешкі сағат тоғыздар шамасында Тілектес ауылының маңындағы Павлодар-Семей автожолында орын алған. Kia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын машинаны басып озубақшы болған. Салдарынан қарсы жолаққа шығып, КАМАЗбен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаменті мәлімдеп отыр.
Жол-көлік оқиғасынан Kia жүргізушісі және оның екі жолаушысы орнында қайтыс болды. Kia-дағы бір адам ғана ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады», — деп еске салады Павлодар облысы полиция Департаменті.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.