Онлайн нұсқау алған: Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен келген

В Петропавловске мужчина ударил женщину топором по голове
Фото с сайта Pixabay.com

Алматыда мектеп оқушысы сабаққа балтамен келген, оқиға дер кезінде тоқтатылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Алдымен бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, кейін оны полиция растады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желілер арқылы берілген нұсқаулардың ықпалында болғаны және заңға қайшы әрекет жасауды жоспарлағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында құқықбұзушылықтың алдын алынды», – деп хабарлады ведомство.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар жасөспірімді мұндай әрекетке итермелеген тұлғалар да тексерілуде.

Полиция ата-анасына қатысты да тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Кәмелетке толмағанның заңды өкілдеріне қатысты бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмегені үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп нақтылады полиция.

Ведомство интернеттегі қауіпсіздікке ерекше назар аударып, ата-аналарды балалардың онлайн әрекетін бақылауға және күмәнді белгілерге бейжай қарамауға шақырды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска