Қазақстанда неке жүзіктерінің бағасы күрт өсті, деп хабарлайды CMN.KZ
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айының қорытындысы бойынша:
- бағалар бір айда 5,5%-ға;
- бір жылда 45%-ға артқан.
Өңірлер бойынша өсім әртүрлі болған:
- Маңғыстау облысы – 14,5%;
- Шымкент – 29%;
- Астана – 29,9%;
- Ұлытау облысы – 71%.
Сонымен қатар, елде зергерлік бұйымдар өндірісі де артқан.
2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 7,7%-ға өсіп, 2,7 млрд теңгеге жеткен.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз