"Мүмкін біреуді өлтіріп қойған шығармын": алматылық ер адам қанға боялған кілтпен салонға кірген

ключ
Фото: instagram.com/pro.pravo.kz

Алматыда ер адам қолына қанға боялған газ кілтін ұстап, сұлулық салонына кірген, деп хабарлайды CMN.KZ

Оқиға туралы заңгер Анна Чернова айтып берген. Әкімшілердің сөзінше, ер адам салонға кіріп, жуынатын жерді көрсетуді талап еткен.

«Ресепшнге келіп, жуынатын жерді көрсетуін сұрады. Әкімші оны сыпайы түрде шығарып жібермек болды, бірақ ол: “мүмкін мен біреуді өлтіріп қойған шығармын?” деді. Қорқып кеткен қыз оған әжетхана есігін көрсетті», – делінген хабарламада.

Ер адам жуынып, кейін салоннан кетіп қалған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында болған. Ер адам кейін ұсталған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйінде болған. Денесіндегі жарақаттарды өзі алған. Бейнежазбадағы қан өзіне тиесілі. Басқа адамдарға зиян келтіру фактісі тіркелмеген», – деп хабарлады полиция.

Ведомство оның айналадағыларға қауіп төндірмегенін атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска