2026 жылғы мамыр айында қазақстандықтарды төрт мерекеге байланысты қосымша демалыс күндері күтеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Қазақстан халқының бірлігі күні
2026 жылы бұл мереке жұма күніне түседі.
- Бескүндік жұмыс аптасында: 1, 2, 3 мамыр – үш күн қатарынан демалыс (жұма, сенбі, жексенбі);
- Алтыкүндік жұмыс аптасында: 1 және 3 мамыр – екі күн демалыс.
Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні
7 мамыр (бейсенбі) – демалыс күні.
9 мамыр сенбіге түсетіндіктен, демалыс 11 мамырға (дүйсенбіге) ауыстырылады.
- Бескүндік жұмыс аптасында: 9, 10, 11 мамыр – үш күн демалыс;
- Алтыкүндік жұмыс аптасында: 9 және 10 мамыр – екі күн демалыс.
Құрбан айт
Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) түседі – бұл да демалыс күні.
Қорытынды
- Бескүндік жұмыс аптасында: мамырда барлығы 14 күн демалыс;
- Алтыкүндік жұмыс аптасында: 9 күн демалыс болады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз